Балалар нысаналы талаптарға қатысушылар тізіміне енгізілмеген және нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы санын есептеу кезінде есепке алынбаған, бірақ нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы болған не бар болса, олардың нысаналы талаптары өтініш берілген жылдан кейінгі жылы өткізіп алған кезең (кезеңдер) үшін толық есептеледі.
Бұл ретте заңды өкілдерге беретін кеңесіміз:
1) төмендегілерді тексеру:
- баланың жеке басын куәландыратын құжаттың болуы (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);
- жеке басын куәландыратын құжатта деректемелердің болуы және олардың дұрыстығы: аты-жөні, туған күні, ЖСН, азаматтығы;
- eGov.kz порталындағы өзінің жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтердің болуы, тіркелуі және дұрыстығы;
2) егер баланың:
- жеке басын куәландыратын құжаты, ЖСН-ы жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгіну қажет;
- азаматтығы жоқ немесе анықталмаған немесе дұрыс көрсетілмеген, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну қажет.